Тренинг: «Біз біргеміз-берік іргеміз!»

Тренингті өткізуші: психолог А.Мырзағалиева

 
(Тәрбиешілермен тренинг)
Тренинг мақсаты: Қатысушылардың позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру. 

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл-күйіңіз қалай? Мен сіздермен қазір психологиялық тренинг жүргіземін. 
 

1-жаттығу   «Менің есімімнің сыры»

Танысу арқылы адамдар бір – біріне жан жылуын сезіндіру керектігіне назар аударту.
Адамгершіліктің айнасы амандасудан басталады.
«Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік. Әркім өзінің атын айтып, неліктен осылай атағанын мағынасын қысқаша түсіндіреді және атының бастапқы әрпіне сәкес келетін өз бойындағы бір қасиетті айтады.   

 

2-жаттығу «Арқадағы сурет»

Мақсаты: Ауызша емес байланыс құралдары арқылы, сонымен қатар тактильді сезім мен сезімталдықты дамыта отырып, бірлескен іс – әрекет істеу іскерлігін дамыту.
Қазір біз бір – біріміздің арқамызға сурет саламыз. Ол үшін бәріміз бір сан – тізбекке тұрып, бір – біріміздің арқамызға қарап тұруымыз керек. Мен қазір бір суретті салып, тығып тастаймын, содан соң тап сондай суретті сан – тізбектің соңында тұрған адамның арқасына саусақпен бейнелеймін. Сіздердің міндетіңіз – суретті жақсылап сезініп, алдыңызда тұрған адамның арқасына дәл сондай сурет салу. Ал бірінші тұрған адам сол суретті қағаз бетіне салуы тиіс. Ойын соңында соңғы салынған суретті бірінші салынған суретпен салыстырамыз.
Сонымен, бастайық.

 

Рефлексия, жалпы шеңберде тұрып, талқылау.

1. Сезімталдықты сезініп түсінуге не көмектесті?
2. Сан – тізбектің соңында және алдында тұрған адамдар нені сезінді?
3. Жаттығуда жасауда қандай кедергілер кездестірдіңдер, не қиындық тудырды?
 

 

3- жаттығу «Мен қандаймын?»

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, ирек, Осылардың ішінен сізді «бұл-Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Сонымен сіздің таңдаған фигураңыз-сіздің субъективті формаңыз.

Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.

Жағымды жақтары: ұйымшыл, дәл, қатааң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқындылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция.

Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.

Жағымды жақтары: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде де жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл.

Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу.

Жағымды жақтары: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құштар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды.

Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.

Жағымды жақтары: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім»-отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық-мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбесін еркін құрады, таныстары мен достары көп.

Шеңбер-жақсы психолог.

Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.

Жағымды жақтары: «оңжарты шарлы»- ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсіну, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, энтузиазм, еркіндік.

 

4- жаттығу «Төртбұрыш»    


Мақсаты: Топтың әрбір қатысушысын сезіну.
Жаттығу барысы:
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады, және көздерін жұмады. Енді көздерін ашпай, төртбұрыш пішінін құрулары керек. Осы жерде көбінесе ретсіздік, даулар басталады, әркім өзінің стратегиясын ұсынады.Біраз уақыттан соң осы үдерістің ұйымдастырушысы анықталады, ол адамдарды өзі тұрғыза бастайды.Төртбұрыш құралғаннан кейін де көздерін ашпауы тиіс.
Сұрау қажет: төртбұрыш құрғандарыңа сенімдісіңдерме? Бірнеше адам сенімсіз болуы мүмкін. Төртбұрыш дәлме – дәл құрылуы тиіс.
Барлығы сенімді болған соң көздерін ашу сұралады.

Дұрыс нәтежеге қуанып, үдерісті талқыға салу қажет. Басқа пішіндерді құруға да болады.

Жаттығу барысында қатысушылар үлкен әсерде болады, бірнеше қорытындыға келеді. Сондықтан жаттығудың әрбір кезеңінен соң қысқаша талқылау жүргізуге болады. Жұмысты жақсарту үшін ұсыныстары тыңдалады. Бұл жерде қойылатын ең маңызды сұрақ: тапсырманы сапалы әрі тез орындау үшін не істеу қажет?
 

Релаксация «Сарқырама»

 

5-жаттығу «Сиқырлы қобдиша»  Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке - жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

6-жаттығу  «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығуы.
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі тәрбиешілердің көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.