Тәрбиешілерге кеңес беру

Тақырыбы: «Бөбекжайда дамытушы ортаны жабдықтау»

Дамытушы орта дегеніміз не?

Мазмұны баланың  алғашқы дүниетанымының қалыптасуына, жалпы әлеуметтенуіне ықпал ететін, бала өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, психологиялық-педагогикалық, эстетикалық жағдайлардың кешеніне сәйкес келетін пәндік дамытушы орта

Дамытушы ортаны ұйымдастырудың міндеттері

Психологиялық қорғанушылық сезімін қамтамасыз ету

Жеке тұлғаның бастауын қалыптастыру

Дамытушы орта құрудың ұстанымдары

Балалардың жыныстық жас ерекшелігін ескеру

Белсенділік, дербестік, шығармашылық 

Тұрақтылық, ұшқырлық

Жинақылық оңтайлылық.

Ортаны эстетикалық тұрғыда орналастыру

Ортаның әсерлілігі

Аралықтар, өзара әрекеттестік кезіндегі орналасу орындары

Заттық ойындық ортаны құру шарттары

Ойын бұрыштарын әр түрлі тақырыптағы ойыншықтармен қамтамасыз ету

 Ойын бұрыштарын ойындардың  даму деңгейіне байланысты безендіру

Дамытушылық сюжетті-рольді  ойындар

Пәндік дамыту ортасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1) Әрбір жас ерекшелігіндегі топтарда өз бетімен мақсатқа бағытталған белсенді іс - әрекетке жағдай жасау.(ойын, бейнелеу, сахналау)
2) Даму ортасындағы пәндердің жан-жақтылығы, топтың ішінде қажетті балаларға оның дамуына қажетті ықпал ететін материалдар ғана болуы тиіс.
3) Ұлдар мен қыздардың қызығушылығына сәйкес даму ортасы мазмұнды құру.
4) Дамыту ортасындағы пәндерін орналастыру және ұйымдастыру балалардың қажеттілігі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі үш қажеттілігі бар. Қозғалыста, қарым - қатынаста, танымдық.
5) Барлық жас ерекшелігіндегі топтарда демалуға жайлы орындар белгілену.
Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші де, соншалықты ақыл - ойы дамыған, сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты.
Пәндік дамыту ортасы мақсаттарды, міндеттерді және білім беру бағдарламасының мазмұнын іске асыруға мүмкіндік береді.

Пәндік дамыту ортасын қалай жабдықтауға болады?
Балалардың дамыту ортасы                                                                                                  ОЙЫН ОРТАСЫ

  1. Сюжетті-рөлдік ойындарға арналған ойын құралдары,
  2. Режиссерлық ойындарға арналған құралдар:

-  Көпжақты текше;

-  Үлгілер (үй, гараж, карта-кесте, ойын аймағы және шымылдық);

-  Шағын көлемдегі кейіпкерлердің жиынтығы;

-  Ертегілердегі жануарлар;

  Әдеби орталық

  1. Осы жастағы балалардың оқуына арналған кітаптар:

-   халық ауыз әдебиетінің шығармалары,

-  қазақ, орыс халықтарының және әлем халықтарының ертегілері,

-  қазіргі заманғы авторлардың шығармалары (әңгімелер, ертегілер, тақпақтар).

  1. Осы топтың сүйіп оқитын кітаптары.
  2. Мерзімді әдебиеттер.
  3. Қолға берілетін әдебиеттер қоры.
  4. Ауызша шығармашылық (балалар жасаған жұмбақтар, әңгімелер альбомы)

6.Балалардың ермегі

Тіл шығармашылық орталығы

Тіл дамыту құралдары мен ойындары және оқу мен жазуды үйренуге баланы дайындау.

  1. Коллаж – түрлі суреттер, әріптер, сандар қойылатын немесе жапсырылатын қатты қағаз беті.
  2. Үстел ойындары.
  3. «Сыйқырлы кітап» (балалардың айтуымен құрастырылады және әсемделеді).

Сахналандырылған іс-әрекет

  1. Сүйікті ертегілерді сахналауға қажетті қалпақ, бетперделер.
  2. Қуыршақтар театры.
  3. Қолдан жасалған ойыншықтар театры.
  4. Саусақ, қолқап театры.
  5. Қатты қағаздан қиылған бейнелер театры
  6. Көлеңкелі театр
  7. Әсем бұйымдар бұрышы (моншақ, білезік, орамал)
  8. Сахналау және режиссерлік ойындарға арналған құралдар
  9. Кесінді суреттер мен жапсырма суреттері бар кітапшалар
  10. Кесілген суреттер ойындары.

 

ҒЫЛЫМИ ОРТА

Балалардың тәжірибе жасауы

  1. Бөлімдер бойынша материалдар: құм және су, дыбыс, магнит, қағаз, шыны.
  2. Көмекші құралдар: үлкейткіш шыны, құм сағат, микроскоп.
  3. Түрлі пішінді және көлемді ыдыстар
  4. Өлшеуші қасық (балалар тағамынан)
  5. Сүзгі мен су құйғыш
  6. Түрлі көлемдегі резеңке алмұршалар
  7. Сабын салғыштың бір бөлігі
  8. мұз салғыш қалып
  9. Резеңке қолғаптар
  10. Медициналық материалдар (доғал тамызғыш, инесіз піскек, жұмыр шыны, ағаш таяқшалар)
  11. Пластикалық немесе резеңке түтікшелер, коктейл ішетін түтікшелер
  12. Гигиеналық, қауіпсіз балалар сусабыны,жұпар иісті ерітінділер
  13. Көпсіткіш, араластыруға арналған ағаш қалақшалар
  14. Йогурт, қаймақтардан босаған түрлі-түсті стакандар және жайпақ табақшалар
  15. Лупалар
  16. Алжапқыштар
  17. Тұтқыштар
  18. Щетка, қалақ, шүберек
  19. Түрлі қағаздар
  20. Басқа да заттар: әуе шары, май, балауыз шам
  21. Табиғи материалдар
  22. Жарамсыз материалдар (тері, ағаш қиындылары, кішкене бұранда)
  23. Тәжірибе жүргізуге арналған кестелер
  24. Шартты белгілер, рұқсат етілетін және тыйым салынатын белгілер (жұмыс тәртібі бойынша тәжірибе бұрышында)
  25. Келбеті түрлі әсеррлі жағдайларға сәйкес жасалған кейіпкерлер

Табиғат бұрышы

  1. Жасанды және бөлме өсімдіктері
  2. Аквариум
  3. Сәндік құстар мен сүтқоректілер
  4. Мерзімді өсімдік түрлері
  5. Еңбек орыны
  6. Бақылау күнтізбесі
  7. Табиғат күнтізбесі
  8. Үлгі пішіндер
  9. Жыл мезгілінің үлгісі

 Құрылыс құрастыру ойын орталығы

  1. Түрлі тәсілдермен бөлшектерді бекіту құрастырмалары.
  2. Кескін, суреттер, альбомдар, карталар.
  3. Ойынға қажетті материалдар мен құралдар.

 ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА ОРТАЛЫҒЫ

  1. «Ғажайып қапшық» ойыны.
  2. Геометриялық фигураларды, заттарды түсіне, көлеміне қарай салыстыру және 1-2 белгілеріне қарай топтау (мысалы: үлкен себетке – үлкен доптар, қызыл қорапқа – қызыл текшелерді)
  3. Геометриялық фигураларды, заттарды түсіне, көлеміне қарай қатарға кезектестіріп қою ойыны.
  4. Моншақтарды жіпке тізу, көлеміне қарай кезектестіру.
  5. Геометриялық фигураларды түсіне, көлеміне қарай арнайы құралдар арқылы атын атап, айыра білуге арналған үстел ойындары.
  6. Геометриялық мозайка.
  7. 3-4 сақинадан тұратын бірдей және түрлі көлемдегі пирамидалар.
  8. Түрлі өлшемдегі және түрлі қажеттіліктегі киімдер бөлігі.
  9. Жүйелі іс-әрекетте берілген алгоритмді ойындар.
  10. Көлемдік, сандық, пішіндік қатынастарды игеруге арналған ойындар.

ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ (бейнелеу өнері)

 Бейнелеу өнерінің құралдары

  1. Бояулар, қылқалам, қалам, бор, фломастерлер.
  2. Ақ және түсті қағаздар.
  3. Қайшы.
  4. Ермексаз, сулық.
  5. Губка, мөртабан, тампон.
  6. Шынылар, балауыз шам.
  7. Сәндік қолданбалы өнер заттарының кескіні, киімі.
  8. Бормен сурет салуға арналған тақта.
  9. Ересектер мен балалардың салған суреттері.

      10.Су құятын ыдыс.

  1. Табиғи және жарамсыз материалдар.
  2. Дидактикалық ойындар.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ (СПОРТ)

  1. Спорт кешені.
  2. Шағын дене шынықтыру бұрыштары.
  3. Ойын құралдары.

КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫС ЕҢБЕГІ ОРТАЛЫҒЫ

  1. Балаларды тамақ дайындауға, киімдерді жөндеуге, кір жууға, үтіктеуге үйретуге арналған заттар мен материалдар.

СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАР ОРТАЛЫҒЫ

  1. Дәрігер – қызыл кресті бар телпек, халат, қажетті құралдар.
  2. Жүргізуші – қауіпсіздік белдігі, шлем, қолқап, түрлі саймандар көшірмесі, жанар май колонкасы, басқару тұтқасы.
  3. Аспазшы – телпек пен алжапқыш, ыдыстар, тағамдар.
  4. Ұшқыш – арнайы бас киімдер, қажетті құралдар, түрлі тетіктері бар басқару құралы.

5.Машина жүргізуші – бас киімі, құрал-сайманы, басқару тетігі.

  1. Шаштараз – халат, тарақтар, қайшылар, леген, сусабын, иіссу, сабын, сүлгі.
  2. Теңізші, капитан – арнайы бас киімдер, жаға, дүрбі, арқанымен зәкір, жалаушамен діңгек, суға батырмайтын дөңгелек.
  3. Ғажайып заттар жәшігі – қалпақтар, бобина, шарғы, түтікше, текше, діңгекшелер, цилиндр, кегли, таяқшалар, қоңырау, сөндіргіш, қақпақтар, фанер, поролон бөлшектері, жіптер, түрлі-түсті қиындылар.

 

Дамытушы орта арқылы жеке тұлғаны дамыту

Зердесін дамыту.

Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

Күр қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту

Өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту

Танымдық үрдісін дамыту

Дербестігін дамыту

Сенімділігін дамыту

Дамытушы ортаны жабдықтау арқылы күтілетін нәтиже

Ойын үрдісінде іскерлік танытады, құрдастарымен достық қарым-қатынас орнатып, тілдік белсенділігі артады.

Бала қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын үйренеді.

Балалардың білімге талпынысы артады.

Дамытушы ортадағы заттарға, ойыншықтарға, материалдарға ұқыптылықпен қарайды.

Балалармен, үлкендермен жағымды қарым-қатынас жасауға үйренеді.