Бекітемін:_____________

                                                                                                                                  Балабақша әдіскері:      А.Мырзағалиева

                                                                         

1-ші кіші топтың  ұйымдастырылған оқу  қызметінің  технологиялық картасы.

Білім саласы: таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі :Сенсорика.

Тақырыбы:"Көкөністер".

Білімділік: дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге, сәйкес пазылдарғаа пішінді орналастыра отырып, дөңгелекті (қызанақ) сопақшадан (қияр) ажырата іріктеуге үйрету;

Дамытушылық: жазықтықта үлкен көлемді геометриялық фигураларды салыстыра білуге: қияр-сопақша,қызанақ-дөңгелек;балалар ойындарына қосымшаларды қосуды жалғастыру (затты қағаздан қосымша қағаздар).

Тәрбиелілік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:бір түсті үлгі қалып (30х20см); пішіні және өлшемі бойынша дөңгелек пен сопақшаға (ер балаға) сәйкес болатын диаметрі 4 см дөңгелек шеңбер) және сопақша (сопақша диаметрі 2х4 см) ойықтар; бір үлгіқалыпта:балаға салу үшін 3 дөңгелек пен 3 сопақша сәйкес келеді,3сопақша және 3 дөңгелек қиынды; Ойынға арналған жинақ: "көкөністер" қияр (10 дана),қызанақ (10 дана).

Сөздік жұмыс: сопақ,дөңгелек.

Билингвальды компонент:қызанақ-помидор,қияр-огурец.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1.Музыка әуенімен залға кіру.

Шаттық шеңбері:

Орнымыздан тұрамыз.

Күнге шаттана қараймыз.

Қуана қолымызды соғамыз

Осылай күнге жылу шашамыз.

 

 

 

Балалар муызыка әуенімен қимылын жасайды.

Ұйымдастырушы-лық-ізденістік

-Балалар, қараңдаршы, біз қандай әсем жерге тап болдық.

Айналамыз қандай кере-мет.

Мына бөлмемізді жапы-рақтар әсемдеп жіберіпті.

Сендерге мына жер ұнай ма?

-Ал,казір жылдың қай мезгілі?

 

-Дұрыс, қазір күз мезгілі.

Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

 

 

-Күз айларын кім атап береді?

 

-Сендердің қолдарыңда әртүрлі жапырақтар бар екен. Олай болса мен сендермен бір ойын ойнайын. Мен қазір жапырақтың бір түсін айтам, кімде сол түсті жапырақ болса, сол жапырақты көтереді.

Мен түстерді атап оты-рамын, ал балалар жапы-рақты көтеріп көрсетеді. Содан соң,  балалар жапы-рақтарын себетке салады.

-Өте жақсы, жарайсыңдар. Ал, кім күз туралы тақпақ біледі екен?

-Балалар ендеше біз көкө-ністерге саяхат жасайық.

-Мында нені көріп тұрсыңдар?

-Мынау нелер?

-Дұрыс айтасыңдар,  балалар, ал олар көлемі жағынан бірдей ме? Пішіндерін сұрау

Түр-түсін және санату.

-Балалар біздер көкөністі дәрумендерге бай болған-дықтан піскенде тамаққа пайдаланамыз.

-Көкөністер бақта жерде өседі екен.

Көкөністерді өсіретін адамды Бағбан атаймыз екен. Осы көкөністердің бәрін жинап себетке санап салады.

-Балалар шаршаған болармыз кәне, орнымызға отырайық. Көкөністерге тоқталу.

Көкөністердің тағамдарға пайдалануын айту.

 

Сергіту сәті:  Бейнеролик арқылы  орындату.

 

Шығармашылық кезең:

Қызанақ пен қиярды құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар хормен:И –ә-ә-!

 

-Қазір жылдың күз мезгілі.

 

 

 

 

Қыркүйек,Қазан,Қараша

 

Күзде күн суытады. Жаңбырлы, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді және де күзде көптеген жеміс-жидек, көкөністер піседі екен.

 

 

Балалар сары жапырақ дегенде қолдарын көте-реді.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар күз туралы тақпақтар  айтады.

 

-Көкөністер

Орамжапырақ, сәбіз, қияр, қызанақ, асқабақ т.б

 

-Біреуі үлкен, біреуі кіші.

 

 

 

 

 

 

Балалар  қызығушылық-пен  тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  бөліктерді  құ-растырып, үлгі  бойынша  орналастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

-Сонымен,балалар сабақ- та не білдік?

-Қандай білім алдыңдар?

-Қайда бардық?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Ұнаса несімен ұнады?  

Балаларды  мадақтау.

«Жапырақтар биімен» аяқтау

 

 

Балаларды сұрақтарға  жауап  береді

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:дөңгелекті сопақшадан ажырата алады;

Түсінеді:толықтырушы заттармен жұмыс жасау дағдысын (қосымша қатты қағаз);

қолданады:көкөністердің атауын және олардың түстерін.

 

Тәтбиеші:Тұржанова Жарқын                                         мерзімі:19.10.2016 ж