Мария Кенжешова,

«Шолпан» бөбекжайының

1 санатты тәрбиешісі

Атырау облысы.

Махамбет ауданы

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы   

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі:Дене шынықтыру

Тақырыбы: Қозғалыс бағытын (жыланша) ирелеңдеп өзгертіп жүру. 2метр арақашықтықта допты бір-біріне төменнен лақтыру. Доғаның астынан еңбектеу.(биіктігі 40см)

Мақсаты: Баланың  денсаулығын нығайту. Шымырлыққа, әдемілікке,шапшаңдыққа, тез қимылдауға, төзімді болуға тәрбиелеу.Жаттығуды  жасау кезінде денені дұрыс ұстауға әдеттендіру, көңіл-күйлерін көтеру.

Қолданылатын көрнекіліктер: доп, кегли, доға, алақан ізі  бар жолақша.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар  әуен  ырғағымен  пойыздың  жүрісін салып  залға кіреді.

Бой жазу жаттығуларынан бастаймыз.

1.1, 2, 3 солдаттарша жүреміз.

2.Бойымызды  өсіріп қолымызды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүреміз.

3.Қолды белге қойып, өкшемен жүру.

4.Қолды тіземізге қойып, кішкентай болып жүреміз.

5.Аю сияқты жүреміз.

6.Қоян сияқты  секіріп жүреміз.

7.Қолымызды  түсіріп  белімізден ұстап  ирелеңдеп жүру.

8.Бытырап,  шашырап жүгіреміз.

Пойыздың паравозы болып әуен ырғағымен залға кіреді.

 

 

Жаттығуларды зейін қоя орындайды.

Ұйымдастырушы - ізденуші

2-қатарға  бөліну.

Жалпы дамытушы жаттығулар

а) бас, мойынға арналған жаттыығулар: «Айналамызға қараймыз» оңға, солға, жоғары, төмен бастапқы қалыпқа келу. 4-5р

 

б)қолға арналған жаттығу: «Аспаннан не көрдік, құстарды көрдік» құс болып қолымызды сермейміз  жоғарыға, жанымызға, төмен. 4-5р

в) аяққа арналған жаттығулар:

1.Отырамыз

2.Жерге шалқамыздан жатып терезеге қарау.

3. «Мен ұзынмын» , «мен қысқамын» 4-5рет

 

г) Б/қ. 1.Допты қолмен кеуде тұсына ұстап тұру; допты  алға созамыз, допты жоғарыға көтереміз. (Оңға, солға) 4-5рет

2. Жерге өкшеге отыру,

3.Қолын белге ұстау

4.Алдымыздағы допты алып, тізерлеп тұрып жоғары көтереміз.

5.Допты көтеру арқылы кеудені созамыз.

Тыныс алу жаттығулары:

- Тік тұру.

- Допты алақанға  қоямыз.

- Алақандағы допты үрлеу.

(мұрынмен ауа жұтып, ауызбен дем шығару.)

Негізгі қимылды  жаттығу

1. 2м  арақашықтықта тұрып допты бір-біріне төменнен лақтыру.

2. Доғаның астынан  алақан ізімен еңбектеп өтеміз.

Қимылды ойын: Көжектер мен түлкілер

Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, қушылыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі:                                        Көжектерім тұршы
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.

 

 

Балалар  тиянақтылықпен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ептілігін танытады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар біз бүгін қандай жаттығулар жасадық ?

 

 

 

Қай аң сияқты жүрдік ?

Біз қандай қимылды ойын  ойнадық?

Дене шынықтыру сабағының бізге тиер пайдасы бар ма?

Жарайсыңдар, балалар сендер сабаққа белсене қатыстыңдар.

-Доғаның  астынан еңбектедік.

-Допты бір-бірімізге лақтырдық.

-Аю, қоян

Түлкі  мен  қояндар

 

-Иә

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:  Доғалар астынан  еңбектеп өтуді.

Нені игереді: Жаттығу түрлерін жасауды.

Нені біледі: Қимыл-қозғалыстарды ереже бойынша қайталауды.